Әуезов 60 (Жамбыл қ.)
ДС-ЖМ: 9:00 – 18:00
5210
logo
    Әуезов 60 (Жамбыл қ.)
    ДС-ЖМ: 9:00 – 18:00
    5210
    2024-04-11 17:31:00

    Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге кредиттер бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы хабарлама

    Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру

    АҚ МҚҰ БиЭнКей Финанс Казахстан мемлекет Басшысының су тасқыны салдарынан төтенше жағдай аудандарында зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі Тапсырмасы аясында төмендегідей қолдау шараларын көрсетуге дайын:
    – Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің кредиттері бойынша 2024 жылғы 1-сәуірден бастап 2024 жылғы 30-маусымға дейінгі 3 ай мерзімге негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылсын.
    – Зардап шеккен азаматтардың су тасқынының теріс әсерінен қаржылық жағдайы нашарлаған жеке тұлғалардың барлық кредиттері бойынша МҚҰ төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

    Төлемдерді кейінге қалдыруға өтініш қалай беріледі?
    1. Қол қойылған Өтінішті [email protected] почтасына, +7 701 345 8090 WhatsApp номеріне немесе 5210 номеріне қоңырау шалыңыз.
    2. Су тасқынының теріс әсерінен қаржылық жағдайдың нашарлауын растау үшін барлық қажетті құжаттарды ұсыныңыз*.
    3. МҚҰ Өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
    4. МҚҰ менеджері Өтініші қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

    Төтенше жағдайға байланысты төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуға өтініш нысаны

    Құжаттар пакеті қарыз алушы жергілікті атқарушы органдардан алынған зардап шеккендер тізімінде болмаған жағдайда ұсынылады және/немесе қарыз алушыға қайта құрылымдаудың қосымша шарттары талап етіледі*:

    Құжат түрі

    1

    Табиғи зілзала себебінен мүліктің жоғалғанын растайтын (болса)

    2

    Нәтижесінде қарыз алушының/бірлескен қарыз алушының мүлкіне немесе олардың отбасы мүшелеріне елеулі залал келтірілген дүлей зілзала/бүліну туралы жергілікті атқарушы органның атынан анықтама

    3

    Су тасқыны нәтижесінде ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты еңбекақыны ұстамай немесе төмендетпей демалыс беру туралы жұмыс орнынан анықтама

    4

    Су тасқыны салдарынан ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты жұмыстың жоғалғанын растайтын құжат

    5

    Су тасқыны нәтижесінде қызметті тоқтату/тоқтата тұру туралы растайтын құжаттар (болса)

    *Құжаттар пакеті қарыз алушы жергілікті атқарушы органдардан алынған зардап шеккендер тізімінде болмаған жағдайда ұсынылады және/немесе қарыз алушыға қайта құрылымдаудың қосымша шарттары талап етіледі.

    *Қажет жағдайда АҚ МҚҰ "БиЭнКей Финанс Казахстан" өзге де құжаттарды сұратуға құқылы

    Сондай-ақ оқыңыз

    2024-07-31 11:23:00
    Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
    A05b5h9, Алматы қ., Алмалы ауданы, Әуезов к-сі, 60 мекенжайында орналасқан "БиЭнКей Микроқаржы ұйымы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің бастамасы бойынша 2024 жылғы 09 тамызда жергілікті уақытпен сағат 11-де күндізгі нысанда, "БиЭнКей Капитал" жалғыз акционерінің кеңсесінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды (BNK Capital Co., Ltd.) Мекен-жайы бойынша Корея Республикасы, Пусан қаласы, пусанчин-Гу әкімшілік округі, Сесакро 1, 9 қабат (Бучон-донг, Пусан Банкінің Бучон филиалы)
    2024-06-19 18:02:00
    Хабарландыру
    «БиЭнКей Финанс Казахстан» Микроқаржы Ұйымы» Акционерлік Қоғамы микроқаржы ұйымды банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алғанын хабарлайды
    2024-06-17 15:56:00
    BNK Finance Kazakhstan екінші деңгейдегі банк болады
    Мемлекет басшысы BNK Financial Group Президенті Бин Дэ-Ин-ді қабылдады