Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group Президенті Бин Дэ-Инді қабылдады. Осы кездесу аясында Президент Оңтүстік Кореяның BNK Finance Kazakhstan қаржы ұйымын екінші деңгейлі банкке айналдыру идеясын қолдады.
BNK Finance Kazakhstan (АҚ «МҚҰ «БиЭнКей Финанс Казахстан») 2018 жылғы 6 қарашадан бастап Қазақстанда микроқаржы қызметін бастады. АҚ «МҚҰ БиЭнКей Финанс Казахстан» компаниясының жалғыз акционері оңтүстік кореялық BNK CAPITAL компаниясы болып табылады.
Дереккөз: Ақорданың баспасөз қызметінің суреті


